«ӨНЕР ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ» — ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ СУРЕТШІЛЕРІ БІР КАТАЛОГТА

Түркі әлемінің әртүрлі аймақтарында өмір сүріп, шығармашылықпен айналысып жүрген суретшілерді бір арнаға тоғыстыратын «Өнер әлемді құтқарады – Түркі мемлекеттері суретшілерінің халықаралық каталогы» баспаға дайындалды.

Жобаның идея авторы әрі ұйымдастырушысы — Халықаралық бейбітшілік суретшісі Нəвай Метин. Жобаның басты мақсаты — өнер арқылы халықтар арасындағы мәдени байланысты, достықты, бірлікті және бейбітшілік идеясын нығайту.

Каталогта Түркі мемлекеттері мен түркі әлемінің әртүрлі өңірлерінен келген суретшілердің шығармашылығы таныстырылады. Жобаның маңызды ерекшелігі — суретшілерді тіліне, дініне, ұлтына және тұрғылықты жеріне қарамастан өнер төңірегіне біріктіруі.

Жобаның басты ұстанымы:

«ӨНЕР ҮШІН ШЕКАРА ЖОҚ.»

Каталогқа енген шығармалар сұлулықпен қатар, бейбітшілік, сүйіспеншілік, бірлік, адамгершілік және өзара құрмет сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейді.

Жобаның идея авторы, дизайнері, UASB-тың Қазақстан және Орталық Азия бойынша өкілі, Халықаралық бейбітшілік суретшісі Нəвай Метиннің айтуынша:

«Біз суретшілерді тек шығармалары арқылы емес, өнер арқылы қалыптасатын рухани көпірлер арқылы біріктіреміз. Өнердің тілі жоқ. Барлық суретшілердің бір ғана тілі бар — ол олардың шығармасы. Оны тек түсінгісі келген адам түсінеді.»

«Өнер әлемді құтқарады» жобасы Нəвай Метиннің халықаралық өнер жобаларының жалғасы ретінде түркі әлемінің суретшілерін бір шығармашылық кеңістікте біріктіруге бағытталған.

Каталогтың жақын күндері жарыққа шығып, өнер қауымдастығына таныстырылуы жоспарлануда.

ӨНЕР ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

Бейбітшілік үшін өнер. Бірлік үшін өнер. Адамзат үшін өнер.

Yazıya 26 dəfə baxılıb

Şərhlər

Şərh

Pin It

Comments are closed.